Қазақстанда шетелдік компаниялар саны артуда

201012093043a3704942d.jpg

Бүгінде елімізде шетелдік үлестің қатысы бар жұмыс істеп тұрған компаниялар саны 21,7 мыңға жетті. Бұл өткен жылдың дәл осындай көрсеткішінен 11,8 пайызға көп.

Бұл көрсеткіштің 97,3 пайызы немесе 21,1 мыңы - шағын, 1,5 пайызы (325) - орта және 1,2 пайызы (260) - ірі компания саналады. Шетелдік компаниялардың 8,6 мыңы көтерме және бөлшек сауда саласында жұмыс істейді. Құрылыс саласында 2,2 мың, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет саласында 1,6 мың компания бар. 

Қазақстандағы шетелдік компаниялардың ең көбі - ресейлік. Айталық, осы жылдың тамыз айын соңында Қазақстанда Ресейдің 7 040 компаниясы жұмыс істеп тұрды. Олардың басым бөлігі (3 061 компания) сауда саласында қызмет көрсетеді. 

Елімізде Түркиядан келген кәсіпорындар да аз емес. Оның саны - 2 044. Түрік компаниялары негізінен сауда, құрылыс, өңдеу өнеркәсібі салаларында қызмет көрсетеді. 

Айта кетерлігі, қонақ үй мен тамақтану бойынша қызмет көрсету саласында түрік компанияларының саны (172 кәсіпорын) басым. Қазақстанда тіркелген шетелдік компаниясы бар елдің қатарында Қытай да бар. Бұл елден 1 020 шағын, 16 орта және 20 ірі компания жұмыс істейді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Гүлнәр Каримованың Швейцариядағы $95 млн активі Өзбекстанға қайтарылды
  • Зеленский соғысты тоқтатуға қатысты мәлімдеме жасады
  • Трамп Қаржы және Сауда министрлерінің үгіттеулерінен кейін тарифтерді уақытша тоқтатты
  • Трамп: Байден – АҚШ тарихындағы ең нашар президент
  • Қасым-Жомарт Тоқаев №2 Оқушылар сарайын аралап көрді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер