Тоқаев пен Мирзиёев Қырғызстандағы ахуалды талқылады

Screenshot_3.jpg

Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері көпғасырлық ажырамас достық пен тату көршілікке, өзара сенім мен стратегиялық серіктестік қағидатына негізделген екіжақты қатынастардың қазіргі ахуалы мен оны әрі қарай дамытудың перспективаларын талқылады.

 Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев өзара ықпалдастықтың жоғары деңгейін және коронавирус індетінің салдарын тезірек еңсеру мақсатында екі ел үкіметтерінің арасындағы тәжірибе алмасуды ерекше атап өтті. Әңгімелесу барысында тауар айналымын арттыруға, бизнес пен аймақтық деңгейдегі іс-қимылдарды кеңейтуге, сондай-ақ, мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған бірлескен жобаларды ілгерілетуге баса мән берілді. 

Тоқаев пен Мирзиёев өңірдегі жағдайға байланысты пікір алмасты. 

Сондай-ақ, Қырғызстандағы ахуал елдің Конституциясы мен заңнамалық нормаларына сәйкес тезірек тұрақтанатынына сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бауырлас қырғыз елімен одақтастық байланыстарды және стратегиялық серіктестікті нығайтуға ерекше мән беріп отырғанын айтты.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Астық пен ұн экспорты 12,4 млн тоннаға жетті
  • АӨК жалпы өнім көлемі 1,8 трлн теңгеге жетті
  • Токаев поручил отменить переезд воспитанников детдома из Алматы в Конаев
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі қайта құрылды – ҰҚК мәлімдеме жасады
  • Саида Мирзиёева Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы лауазымын иеленді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер