Тасмағамбетовтің қызы Құрметті азамат атанды

тасмагамбетова.jpg

Иманғали Тасмағамбетовтің қызы Әсел Тасмағамбетова Самей қаласының Құрметті азаматы атанды. Бұл туралы «Сәби» қайырымдылық қоры Instagram-дағы ресми парақшасында жариялады.

«Сәби» қайырымдылық қорының президентіне «Семей қаласының құрметті азаматы» атағы төсбелгісі мен арнайы куәлігін дипломымен қоса Семей қаласының әкімі Ермек Сәлімовтің өзі табыстаған.

«Осы жылдың қаңтарында «Сәби» қоры тікелей Әсел Иманғалиқызының басшылығымен Семей университеті ауруханасының базасында балалардағы жедел хирургия бөлімін ашты. Хирургия ең заманауи және технологиялық құралдармен жабдықталған. Жалпы жұмсалған қаражат көлемі 250 000 000 теңгені құрады.

Пандемия кезінде қала дәрігерлеріне коронавирусты ақысыз тестілеу, киім-кешек пен көзге арналған линзаларды сыйға тарту сияқты бірнеше рет көмек көрсетілді.

Сондай-ақ, Әсел Тасмағамбетова Семейдің «Инватакси» көлік қызметін дамытудың бастапқы кезеңінде тұрып, оған арнайы жабдықталған екі автокөлікті сыйға тартты.

Сонымен қатар, «Сәби» қоры Семейдегі балалар әлеуметтік мекемелерінде 4 спорттық нысанды салған. Абай елінде дүниеге келген талантты балалар да білім беру жобалары бойынша Әсел Тасмағамбетованың атынан қолдауға ие болған» делінген аталған қордың парақшасында.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Биыл қар әдеттегі нормадан 2 есеге көп түскен
  • Көшпелі форматтағы қоғамдық қабылдаулар көбейіп келеді
  • Қарағандылық уланған балалардан ішек инфекциясы табылмады – Министр Ажар Ғиният
  • Қарағандыда балалар уланған орталықтың басшысы мен 12 қызметкер жұмыстан шеттетілді
  • Қазақстанның бірнеше аймағында жанармай тапшылығы туындады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер