Қазақстандықтар туралы құпия мәліметтер интернетте тарап кете жаздады

39.jpg

Емделушінің логины мен құпия сөзі кез келген интернет қолданушыға қолжетімді болған. Бұл туралы RGMEDIA.KZ ақпараттық агенттігі «KZ-CERT» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. 

«KZ-CERT» РМК компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі және NitroTeam ЖШС арасындағы меморандум аясында бірлескен шаралардың арқасында медициналық компания порталында сервер конфигурациясына қатысты ақау табылып, жойылды, деп хабарлайды «KZ-CERT» баспасөз қызметі. 

«Осы ақаудың кесірінен компания порталында тіркелген емделушінің логины мен құпия сөзі кез келген интернет қолданушыға қолжетімді болған. Ал жүйеге қосыла алғандар емделушінің аты-жөні, телефон нөмірі мен email-адресі, сонымен қатар, медициналық талдау қорытындыларына қол жеткізген. Бұл жағдай тікелей ақпараттық қауіпсіздік саясатына қайшы» делінген хабарламада.

Бірақ, бұған кімдердің кінәлі екені айтылмады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Астық пен ұн экспорты 12,4 млн тоннаға жетті
  • АӨК жалпы өнім көлемі 1,8 трлн теңгеге жетті
  • Токаев поручил отменить переезд воспитанников детдома из Алматы в Конаев
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі қайта құрылды – ҰҚК мәлімдеме жасады
  • Саида Мирзиёева Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы лауазымын иеленді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер