Қасым Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтанның болашағын талқыға салды

Screenshot_10.jpg

Нұр-Сұлтан қаласы мәдени әрі зияткерлік орталыққа айналады. Бұл туралы Президент  Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде елорданы одан ары дамыту мәселелері жөніндегі мәжілісінде айтты, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бас қала егемен еліміздің негізгі әрі аса маңызды жобасы. Бүкіл әлемге Назарбаев моделі немесе Қазақстан жолы деп мойындалған стратегия дәл осы шаһардан басталды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен салынған астана жылдан жылға дамып келе жатыр. Бүгінде еуразияның жүрегінде орналасқан елордамыз ірі саяси-экономикалық, мәдени және білім орталығы болып қалыптасты», - деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласын ары қарай дамытып, жаңа белестерге шығару алдағы негізгі міндеттердің бірі екендігін баса айтты.

«Осы мәселелерді бүгін талқылайтын боламыз. Алдымен бас қаламыздың бірқатар жетістігіне тоқталайын. Біріншіден, елордамыздың экономикасы соңғы жылдарда ойдағыдай дамығанын атап өту қажет. 21 жыл ішінде ішкі өңірлік өнім шамамен 5,5 есеге өсті. Бұған құрылысты күшейту, бизнесті дамыту және инвестия тартудың арқасында қол жеткізілді. Қала экономикасына 9 трлн теңгеден астам инвестиция құйылып, 2018 жылы бюджетке 1,1 трлн теңге түсті. Шағын және орта бизнес халықтың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік берді», - деді Қ.Тоқаев.

Екіншіден, ҚР Президенті қала инфрақұрылымы қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды.

«Астанамыз өмір сүруге қолайлы болуы үшін жан-жақты абаттандарылды. Тұрғын үй және жол құрылысы, әлеуметтік сала инфрақұрылымы айтарлықтай дамыды. Нұр-Сұлтан қаласы мәдени әрі зияткерлік орталыққа айналды. Біз осы даму қарқынын бәсеңдетпеуіміз және де ары қарай күшейтуіміз керек», - деді Мемлекет басшысы.

Президент үшіншіден, елордамызда маңызды халықаралық шаралар мен кездесулер өткізіліп тұратындығын айтты.

«Бұл үлкен жетістік. ЕҚЫҰ саммиті, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері, халықаралық ЭКСПО көрмесі, жыл сайынғы Астана экономикалық форумы және жуырда өткен жаһандық инновациялық саммит соның айқын дәлелі. Нұр-Сұлтан қаласын халықаралық орталық ретінде ары қарай дамыта беретін боламыз. Көп жұмыс атқарылды, бірақ, мұнымен шектеліп қалмауымыз керек. Біз үшін маңызды мақсат - елордамыздың дамуын барлық бағыттар бойынша жаңа сапалы деңгейге көтеру», - деді ҚР Президенті.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұздыбеков пен Меңдіқұлов отпен ойнап отыр ма? - Елдегі дүрбелең осы газ дауынан басталған еді
  • Қазақстанды мұрагер елесі кезіп жүр
  • «Шетелден бір-ақ шыққан шенділер»: Елші болу өсу ме, өшу ме?
  • Дархан ҚЫДЫРӘЛІ: «Тарихқа хайппен емес, байыппен қарау керек»
  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер