Келесі президент Тоқаев болады

Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы болып отырып, сайлауда өз кандидатының жеңіске жетуі үшін барлығын істейді. RTVI-дің еуропалық бюросының басшысы Константин Гольденцвайгпен болған әңгімеде Қазақстанның бұрынғы Премьер-министрі Әкежан Қажыгелдин осындай пікір білдірді.

2f45b94bb861b59a9b042f19c408eb6a.jpg

Қажыгелдин Назарбаевтың билікті уысынан шығармайтынына сенімді. Қазіргі қызметінде барлық әкімшілік ресурстар оған бағынышты. Осының өзі-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент етіп сайлауға негіз бола алады дейді ол. Дегенмен, Тоқаевқа ел басқару оңай болмайды.

Экс-премьердің пікірінше, Назарбаев денсаулығына және айналасындағы проблемаларға байланысты отставкаға кетуге шешім қабылдады. Оның үстіне 2017 жылы Парламент да, халық да білмеген Қазақстанның Ұлттық қорында сақталған қаржының дауы да әсер етті.

Қажыгелдин бұрынғы президенттің өз өмірін жеңілдетуді қалайтынына сенімді. Сондықтан да ол Қытайдың бұрынғы билеушісі Дэн Сяопин сияқты «партияға тұру» арқылы әрекет етуге шешім қабылдады. Дегенмен, бұрынғы Үкімет басшысы Назарбаев уақытылы кету керек болған сәтті жіберіп алды деп санайды. Оның ойынша, ол 15 жыл бұрын болған.

Сонымен қатар, бұрынғы премьер Қазақстанда президенттік басқару мүлдем болмауы тиіс деп санайды. Ол елдің парламенттік республикаға өтуі керектігіне сенімді. Қажыгелдин тіпті жаңа Конституция жазып, жаңа республика құру керек деп есептейді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әкім тұрғындардың өтінішіне құлақ түрді
  • Гүлнәр Каримованың Швейцариядағы $95 млн активі Өзбекстанға қайтарылды
  • Зеленский соғысты тоқтатуға қатысты мәлімдеме жасады
  • Трамп Қаржы және Сауда министрлерінің үгіттеулерінен кейін тарифтерді уақытша тоқтатты
  • Трамп: Байден – АҚШ тарихындағы ең нашар президент
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер