Назарбаев отставкаға кеткен Сағынтаевтың қандай адам екенін айтты

4282222.jpg

Мемлекет басшысы парламент мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан президенті парламент мәжілісінің депутаттарына арналған сөзінде бұрынғы үкіметтің жаһандық дамудың күрделі жағдайына қарамастан экономиканың өсімін сақтауға күш салғанын атап өтіп, үкімет мүшелеріне атқарған жұмысы үшін ризашылық білдірді.

"Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев туралы арнайы айтқым келеді. Ол бұған дейін Павлодар облысының әкімі, экономика министрі, вице-премьер, бірінші вице-премьер лауазымдарын лайықты атқарып, өзін жақсы қырынан көрсетті. Бақытжан Сағынтаев – адал әрі тәжірибелі азамат. Ол басқа да салаларда қызмет ете алады. Бірақ, жекелеген министрліктердің, әсіресе әлеуметтік саладағы ведомстволардың, жұмысындағы олқылықтар бүкіл үкіметтің отставкаға кетуіне әкеп соқтырды", – деді Елбасы.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әкім тұрғындардың өтінішіне құлақ түрді
  • Гүлнәр Каримованың Швейцариядағы $95 млн активі Өзбекстанға қайтарылды
  • Зеленский соғысты тоқтатуға қатысты мәлімдеме жасады
  • Трамп Қаржы және Сауда министрлерінің үгіттеулерінен кейін тарифтерді уақытша тоқтатты
  • Трамп: Байден – АҚШ тарихындағы ең нашар президент
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер