Н.Назарбаев: Бақытты болған бірде-бір миллиардер көрмедім

95533.jpg

Еңбегіңмен тапқан табыс қана бақытқа жеткізеді. Бүгін «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жеңімпаздарымен кездесуі барысында  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты деп хабарлайды Қазақпарат

«Жұмысты ең көп істейтін ұлт - Оңтүстік Корея. Баланы 5 жасқа дейін тәрбиелеу керек, одан кейін пайдасыз. Оны қоғам, балабақша, мектеп тәрбиелейді. Олар 5 жасқа дейін тиіспейді, ұрмайды. Ал одан кейін сөмкесін арқалап, өмір бойы таңертеңнен кешке дейін жүреді. Жапондар да, корейлер де солай жұмыс істейді және «егер сен ана университетке түсе алмасаң, нашар өмір сүретін боласың» деп айтады.

Мақсатты миына сіңіріп алғаннан кейін онымен күні-түні айналысады. Солай білімді, ең көп жұмыс істейтін ұлтқа айналды. Яғни, еңбектің арқасында», - деді Президент. 

«Бай ата-анадан мұра алуға болады. Бірақ, ол береке болмайды. Өмірде көрген, тәжірибелі адам ретінде айтайын, 10-20 млрд ақшасы бола тұра бақытты болған бірде-бір миллиардер көрмедім. Өзіне-өзі қол жұмсаған немесе түрмедегі миллиардерлердің тізімін де келтіре аламын. Бұл қаражат сені бақытты жасайтындай көрінуі мүмкін. Бірақ өз еңбегіңмен тапқан табыс сені бақытты қылады. Сондықтан көбірек армандаңдар. Сендерге табыс тілеймін. Мына мемлекет, менің құрдастарым, біздің буын құрған мемлекет сендер үшін, балаларың мен немерелерің үшін», - деді Н.Назарбаев.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • БҰҰ: 2026 жылы әлемде 186 млн адам жұмыссыз қалады
  • Елімізде тұрғын үй бағасының шекті сомасын бекіту ұсынылды
  • Бейресми еңбек азаюда: он күнде 66 мың адам тіркелді
  • Нью-Йорктің бірінші мұсылман мэрі Құранға қол қойып, ант берді
  • Серік Жұманғариннің жұбайы 2024 жылы 88 млн теңгеден астам табыс тапқан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер