«И.о.» ие бола алмады

Screenshot_2.jpg

Ордабасы ауданына жаңа әкім тағайындалды. Түркістан облысы әкімі Жансейіт Түймебаевтың өкімімен, Ордабасы аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Ордабасы ауданының әкімі қызметіне Қайрат Жолдыбайұлы тағайындалды. Қасиетті ауданға бұл жолы әкім тағы да жергілікті жерден емес шеттен келді. 

Қайрат Жолдыбайұлы 1981 жылы Шардара қаласында дүниеге келген. Қазақ аграрлық университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі. Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясындағы оқу кезінде АҚШ-тағы Джорджия университетінде «Universiti of Georgia»-да оқыған. Яғни, шетел көрген, батыстың тәжірибесін бойына сіңірген кадр. Еңбек жолын 2003 жылы Білім және ғылым министрлігінің бюджеттік жоспарлау департаментінде жетекші маман болып бастаған. 2005- 2008 жылдары Қаржы министрлігінің бас маманы, бөлім басшысы лауазымдарын атқарған. 2008 жылдан бастап  Сенатта, соңғы жылдары Шардара ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген. 

Ордабасы ауданы әкімінің креслосы былтыр шілдеден бері бос тұрған. Дәлірегі бұрынғы әкімі Рашид Қайыпжановтың парамен ұсталып, сотталып кеткелі. Аудан әкімінің міндетін атқару Ғалымжан Үсенбаевқа жүктелген болатын. «Рейтинг» газетінің өткен нөмірлерінде біз «и.о.» әкімнің Бөржар ауылдық округінде өткен есебінде бір тұрғын:  

-Әкім кетсе ауданымыз  ұзақ уақыт басшысыз қалатын болып жүр. Халқыма ұсыныс айтқалы отырмын.  Мына Ғалымжан әкім болсын, облыс әкімі Жансейіт  Түймебаевқа осыны жеткізгім келеді-деген еді. Алайда таңдау алты айдан астам уақыт бойы «и.о.» болған Ғалымжан Үсенбаевқа емес, шардаралық Қайрат Жолдыбайұлына түсті.  

«Бұйырған кетпейді» деген осы. 

"Рейтинг" газеті

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Биыл қар әдеттегі нормадан 2 есеге көп түскен
  • Көшпелі форматтағы қоғамдық қабылдаулар көбейіп келеді
  • Қарағандылық уланған балалардан ішек инфекциясы табылмады – Министр Ажар Ғиният
  • Қарағандыда балалар уланған орталықтың басшысы мен 12 қызметкер жұмыстан шеттетілді
  • Қазақстанның бірнеше аймағында жанармай тапшылығы туындады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер