Назарбаев Америка мен Ресейде қанша ядролық қару барын айтты

Screenshot_2.jpg

Қазақстан президенті әлемде орын алған қиын геосаяси мәселелер туралы сөз қозғады деп хабарлайды NUR.KZ.

"Қазір әлемде өте қиын жағдай орын алды. Барлық ірі державалар бір-бірімен ортақ тіл табыса алмай жатыр.

Мәселен АҚШ пен Ресей 15000 ядролық жарылғыш жинап қойған. Бұл барша адамзатты бірнеше рет жойып жіберуге жеткілікті.

Егер мұндай елдер бір-бірімен түсінісе алмаса - бұл біз үшін алаңдайтын жағдай", - деді Елбасы Азаматтық форумда.

Сондай-ақ, Назарбаев АҚШ пен Қытай арасындағы экономикалық жағдайдың мәз еместігін айтып өтті.

"АҚШ пен Қытай арасындағы санкциялық әрекеттер, сауда соғысы - барлығы бізді тығырыққа тірейді. Сондықтан Үкімет те, мен де өте мазасыз күйде жұмыс істеп жатырмыз", - деді ол.

Осы орайда мемлекет басшысы еліміздің бірлігі бекем болып, ішкі тыныштықты сақтауы өте маңызды екенін алға тартты.

"Дәл қазір Отанға деген сүйіспеншілік, өзара түсінісу жіне жоғары жауапкершілік таныту өте қажет болып тұр. Үкіметтік емес ұйымдар мені әрдайым қолдайды деп сенемін", - деп сөзін қорытты президент.   


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Қорғаныс министрін қабылдады
  • Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев 11 жылға сотталды
  • Министр ел бюджетінің донор өңірлерін атады
  • Қазақстан ресми түрде апорттың отаны болып мойындалды
  • Тоқаевты туған күнімен кімдер құттықтады?
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер