Тұрсынбек Қабатов гонорарын не үшін 15 мың доллар қылғанын айтты

Screenshot_1.jpg

«Мен қыздарыммен ашық сөйлесем. Анасынан гөрі маған жақын. 13 жастағы қызыма қыз-жігіт арасында болатын қатынас туралы айтып түсіндірем. Қыздарымның бәріне күйеуді өзім тауып берем деп отырам. Қыздарым оған көнеді. Өйткені қыздар жастық шақта соқыр болады. Сезімге ереді. Мен әлі күнге дейін қыздарымның құлағын тескен жоқпын. Сырға салғанда бір-ақ теседі. Қазақтың сырға салуы содан шыққан деп ойлаймын», – дейді Қабатов The Эфир бағдарламасында.

Ол той қаламақысын не себепті 15 мың долларға көтергенін айтты. Өзінің шығармашылықпен айналысқысы келетінін жеткізді.

«Тойға шақырушылар көп болып, үлгермей кеттім. Әркім арқылы шығып ұсыныс айтатындар болды. Атын атамай-ақ қояйын, бұжырбет бір кісілер телефонды неге көтермейсің деп есік алдына дейін келген кездер болды. Әкімдік атынан шығып хабарласып жатты. Осының бәрі шаршатты. Сосын қаламақыны 15 мың долларға көтеріп тастадым. Осы бағаға келісетінерге барам. Басқа уақытта құлағым тыныш. Шығармашылықпен айналысуға уақыт табылды. Тойдан тапқан ақшамен-ақ күн көруге болатын еді. Бірақ мен сахнада өмір сүргім келеді. Өз театрымды ашқым келеді. Кино саласында жұмыс істеп жатырмын. Ал, тойға арасында ғана шығып тұрам», – дейді Тұрсынбек.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әкім тұрғындардың өтінішіне құлақ түрді
  • Гүлнәр Каримованың Швейцариядағы $95 млн активі Өзбекстанға қайтарылды
  • Зеленский соғысты тоқтатуға қатысты мәлімдеме жасады
  • Трамп Қаржы және Сауда министрлерінің үгіттеулерінен кейін тарифтерді уақытша тоқтатты
  • Трамп: Байден – АҚШ тарихындағы ең нашар президент
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер