Дариға Назарбаева мектептер асханасы мен спорт залын жалға беріп, ақша табу керектігін айтты

1a39173e65486fab8249fb04458ac834_M.jpg

Бүгін Алматыдағы Мұқағали Мақатаев атындағы мектептің мұғалімдерімен кездескен сенат депутаты Дариға Назарбаева мектептер бос уақытында ақша табу амалын жасау керектігін айтты. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Жолдауды ұстаздарға жан-жақты түсіндіруге келген сенатор білім ордасындағы асхана, спорт зал және ойын алаңдарын жалға беруді ұсынды. Дариға Нұрсұлтанқызы сабақ аяқталып, барлық оқушыны үйге жібергеннен кейін мектептен қосымша табыс табу керектігін жеткізді. Ал түскен пайда мұғалімдердің жалақысына қосылуы тиіс дейді сенатор. Сондай-ақ, білім ошағының арнайы қонағы болған Дариға Назарбаева ұстаздардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді.

– Ауылдар мен кей өңірлерде мектеп асханасында дастархан жайып, дүбірлетіп той жасайды. Енді осы тойдың ақысын ресми түрде мектеп бюджетіне аударсақ деймін. Менің айтып отырғандарым Білім беру бағдарламасында қарастырылған, - деп Дариға Нұрсұлтанқызы сөзін қорытындылады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • TikTok пен YouTube жасөспірімдерге тәуелділік туғызу айыптарымен сотқа тартылады
  • ШҚО-да кәсіпкерлерге 140-қа жуық заңсыз тексеру жүргізілген
  • ҰҚК 4,5 млрд. теңге алаяқтық жасаған OrdaMed басшылығын құрықтады
  • Қазақстандықтардың үкіметке сенімі азайып барады
  • Трамп Давоста Зеленскиймен кездесуі қалай өткенін айтты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер