Шымкентте Сенат депутаттары анықталды

20181005120134.jpg

Шымкентте Парламент Сенатының депутаттарын сайлау өтті. Шаһардағы 29 депутат үміткер ретінде тіркелген 6 кандидаттың арасынан өз таңдауын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы  9 кандидаттың тіркелгенін хабарлаған болатын. Алайда  сайлау алдында олардың үшеуі бас тартты.  Қалған үміткерлердің қатарында   «Банк ЦентрКредит» АҚ Шымкент қаласы филиалының қызметін қолдау басқармасының бастығы Серік Алданов, Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Нұрлан  Бекназаров , «Global A» ЖШС директоры Бижан Жылкелдиев, «Манкент шипажайы» АҚ бас директорының орынбасары Ғани Қарабеков, уақытша жұмыссыз Дархан Сатыбалды және «Шымкент-сауда» ЖШС директоры Асқарбек Үркімбаевтар болды. 

Сайлау қортындысы бойынша Дархан Сатыбалды 21 дауыспен, Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Нұрлан  Бекназаров 21 дауыспен жеңіске жетті. Енді қалалық сайлау комиссиясы сайлау қорытындыларын Орталық сайлау комиссиясына жолдап, сайлау нәтижесін ресми түрде жария етеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әкім тұрғындардың өтінішіне құлақ түрді
  • Гүлнәр Каримованың Швейцариядағы $95 млн активі Өзбекстанға қайтарылды
  • Зеленский соғысты тоқтатуға қатысты мәлімдеме жасады
  • Трамп Қаржы және Сауда министрлерінің үгіттеулерінен кейін тарифтерді уақытша тоқтатты
  • Трамп: Байден – АҚШ тарихындағы ең нашар президент
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер