Тимур Сүлейменов: БЖЗҚ-дан қаражат алу шегінің тәсілдерін қатаңдату қажет

image.png

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында мал шаруашылығын субсидиялаудың көлеңкелі тұстары толық сейілмегенін сынады.

— Зейнетақы активтері 12% өсіп, 25,1 трлн теңгеге жетті. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық кірісі 1,8 трлн теңге болды. Ұзақ мерзімді кірістілікті арттыру үшін акциялар мен балама құралдардың жоғары кірісті кластарын арттыруды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар зейнетақы төлемдерінің лайықты деңгейі үшін алмастыру коэффициентін (қазір алып жүрген еңбекақы мен кейін алатын зейнетақының бір-біріне жақындығын — ред) көтеру қажет. Бұл мерзімінен бұрын қаражат алу шегінің тәсілдерін қатаңдатуды талап етеді, — деді Ұлттық банк басшысы. 

Тимур Сүлейменов биыл Ұлттық қордың инвестициялық табыстылығы рекордтық мәнге жеткенін айтады.

— Ұлттық қор, одан қомақты трансферттер алынғанына қарамастан, өткен жылы ұлғая түсті. Активтердің теңгерімді аллокациясына (қаражатты әртүрлі актив түрлеріне белгілі бір тепе-теңдікпен бөлу — ред.) дер кезінде көшуі 8,7 млрд доллар немесе 15% рекордтық табыс әкелді. «Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы аясында бір балаға шаққандағы жинақ 370 долларға жетті. Биыл Ашық инвестициялық серіктестік бағдарламасын іске қосамыз. 1 млрд долларға дейін жоғары технологиялық жобаларға инвестициялауды жоспарлап отырмыз, — деді ол.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тимур Сүлейменов: БЖЗҚ-дан қаражат алу шегінің тәсілдерін қатаңдату қажет
  • TikTok пен YouTube жасөспірімдерге тәуелділік туғызу айыптарымен сотқа тартылады
  • ШҚО-да кәсіпкерлерге 140-қа жуық заңсыз тексеру жүргізілген
  • ҰҚК 4,5 млрд. теңге алаяқтық жасаған OrdaMed басшылығын құрықтады
  • Қазақстандықтардың үкіметке сенімі азайып барады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер