Қазақстандық әйел өз баласын жылу батареясына байлап, аяусыз ұрып-соққан

Желіде әйелдің баланы жылу батареясына байлап, бар күшімен ұрып-соққаны түсірілген видео тарады. Мәліметке сәйкес, аталған жағдай Жетісу облысы, Жаркент қаласында болған.

Screenshot_5.jpg

Жағдайды Instagram парақшасында журналист Жанар Нұртазина жариялады. Кадрдан әйелдің баланы жылу батареясына байлап, ұрып-соққанын көруге болады.

“Баланы батареяға байлап, бар күшімен соққылайтындай не көрінді сонша? Видеоны жылап жатқан баланың әкесі видеоға түсіріп жіберді. Ал соққылап жатқан сол бүлдіршіннің анасы. Баланы асырауға психикаларың шыдамай ма, тумаңдаршы айналайындар! Ересек екі ақымақтың кесірінен, неге сәби зардап шегуі керек?! Қазір қажет органдарға видеоны жіберіп қойдым. Енді ессіз ата-анаға тек ескертумен шектелмей, қажет шара қолданылса екен”, – деп жазған желі қолданушысы.

Сондай-ақ ол Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиеваға жүгінген.

“Динара Закиева ханым, бұл отбасын тексеріп, балалардың жағдайын бақылауға алсаңыздар. Қажет болса қосымша ақпараттар бар”, – дейді әйел.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таяу Шығыстағы қазақстандықтарға арналған байланыс пакеттері іске қосылды
  • Қазақстан әлемдік ЖІӨ өсіміне үлес қосатын ТОП-25 елдің қатарына енді
  • Президент креативті индустрияларды қолдауға қатысты заңға қол қойды
  • Тимур Сүлейменов: БЖЗҚ-дан қаражат алу шегінің тәсілдерін қатаңдату қажет
  • TikTok пен YouTube жасөспірімдерге тәуелділік туғызу айыптарымен сотқа тартылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер