Нью-Йорктің бірінші мұсылман мэрі Құранға қол қойып, ант берді

image.png

Нью-Йорк қаласының алғашқы мұсылман мэрі Зохран Мамдани қызметіне кірісу кезінде Осман империясы дәуірінде Сирияда жазылған қолжазба Құранға қол қойып, ант берді. Бұл туралы ол  әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады деп жазады rgmedia.kz тілшісі .

Мамданидің мәліметінше, ант беру рәсімінде қолданылған Құран XVIII ғасырға жатады және бұрын Артуро Шомбургке тиесілі болған. Аталған қолжазба Осман кезеңінде Сирияда жазылған. Құран мәтіні қара сиямен жазылып, жекелеген бөліктері қызыл түспен ерекшеленген.

Мэр бұл Құранды Нью-Йорк тарихындағы «жаңа кезеңнің символы» деп атап, оны қала тұрғындарының ортақ мәдени мұрасы ретінде бағалайтынын жеткізді. Оның айтуынша, қолжазба Нью-Йорк Қоғамдық кітапханасының негізгі ғимаратында сақталып, бүгіннен бастап көпшілік назарына ұсынылады.

34 жастағы Зохран Мамдани Угандада дүниеге келген. 4 қарашада өткен сайлаудың ресми емес қорытындысы бойынша ол соңғы жүз жылдағы Нью-Йорктің ең жас мэрі әрі қала тарихындағы алғашқы мұсылман мэр атанды.

CBS News дерегінше, сайлауға 2 миллионнан астам адам қатысқан. Бұл — 1969 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш.

1 қаңтар күні Зохран Мамдани мыңдаған қала тұрғындары қатысқан ашық салтанатты рәсімде Құранға қол қойып, ресми түрде Нью-Йорк қаласының мэрі қызметіне кірісті. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстан әлемдік ЖІӨ өсіміне үлес қосатын ТОП-25 елдің қатарына енді
  • Президент креативті индустрияларды қолдауға қатысты заңға қол қойды
  • Тимур Сүлейменов: БЖЗҚ-дан қаражат алу шегінің тәсілдерін қатаңдату қажет
  • TikTok пен YouTube жасөспірімдерге тәуелділік туғызу айыптарымен сотқа тартылады
  • ШҚО-да кәсіпкерлерге 140-қа жуық заңсыз тексеру жүргізілген
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер