Түймебаев тойхана деген сөзден бас тартуды ұсынды

Screenshot_1.jpg

Түркістан қаласында бизнес өкілдерімен өткен кездесуде облыс әкімі Жансейіт Түймебаев кейінгі кездері тойханалардың көбейіп кеткеніне алаңдаушылық білдірді. 

-Бір ғана Түркістан қаласының өзінде 66 тойхана бар екен. Тойхана салуды тоқтату қажет.  Базар, тойхана салатын заман өтті. Мен тойхана деген атаудың өзін ауыстыруды ұсындым. Оны Қабылдау үйі деу керек шығар,-деді өңір басшысы. 

Айта кетері, жиында бірқатар депутат-кәсіпкерлер жаңа орталықта қызмет көрсету нысандарын салуға уәде етті. Мәселен белгілі бизнесмен, облыстық мәслихаттың хатшысы Қайрат Балабиев Түркістанға фитнес клуб салып беруге уәде етсе, депутат-кәсіпкер Серікжан Сейітжанов киелі қалада «Риксос» бесжұлдызды қонақ үйдің құрылысын бастап кетіпті.  


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әкім тұрғындардың өтінішіне құлақ түрді
  • Гүлнәр Каримованың Швейцариядағы $95 млн активі Өзбекстанға қайтарылды
  • Зеленский соғысты тоқтатуға қатысты мәлімдеме жасады
  • Трамп Қаржы және Сауда министрлерінің үгіттеулерінен кейін тарифтерді уақытша тоқтатты
  • Трамп: Байден – АҚШ тарихындағы ең нашар президент
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер