LRT ісі: Талғат Ардан Түркияда ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланбақ

2019 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Түркияның Әділет министрлігіне халықаралық іздеуде жүрген «Астана LRT» ЖШС-нің бұрынғы басшысы, Қазақстан азаматы Талғат Арданды ұстап беру туралы сұрау жіберген болатын.

Осыған байланысты Түркия Республикасының құзырлы органдары тиісті іздестіру шараларын жүргізген, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

Биылғы жылы ҰҚК оның нақты болған жерін анықтады, содан кейін Түркияның құқық қорғау органдары Анталья қаласында ұстады.

А.ж. 9 мамырында Анталья қаласының соты Т.Арданды Қазақстанға депортациялау туралы шешім қабылдады және ол қазіргі уақытта қамауда.

Қазақстанның құзыретті органдары аталған адамды Қазақстанға қайтару бойынша құқықтық рәсімдерді бастады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Астана қаласының соты Т.Арданды Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі және 361-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, сырттай 9 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • LRT ісі: Талғат Ардан Түркияда ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланбақ
  • Трамп Үндістан мен Пәкістандағы қақтығысты шешуге көмектесуге дайын екенін мәлімдеді
  • Үшінші рет президенттікке үміткер болу жоспарымда жоқ – Трамп
  • АҚШ пен Украина тарихи келісімге қол қойды
  • Әкім тұрғындардың өтінішіне құлақ түрді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер