Белгілі қаржыгер Қазақстанның жағдайы келесі жылы қатты қиындайтынын айтты

roskosh-1.jpg

Соңғы күндердегі теңгенің құлдырауы ешкімді бейжай қалдырмады. Ұлттық валюта бағамы туралы пікір білдірген мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов елімізде теңгенің баяу девальвациясы жүріп жатқанын айтты деп хабарлайды 365info.kz. 

Осы орайда, FXPrimus сараптамалық орталығының басшысы және қаржы сарапшысы Арман Бейсембаев Caravan.kz медиа-порталына берген сұқбатында Американың Ресейге салатын санкцияларының зардабы қазақстандықтар үшін қаншалықты ауыр және алдағы уақытта төл теңгеміздің ахуалы қандай болатыны туралы пікірін білдіріпті.  

— Мұның бәрі салынатын санкциялардың қаншалықты ауыр болатынына байланысты.

Әзірге ол елді таза оқшаулау түрінде болмақ.

Ақша жоқ жағдайда экономиканы дамыту, оны өсіру – мүмкін емес.

Жарияланатын санкциялар әзірге бізге белгілі деңгейден әлдеқайда терең болған кезде экономикамыз күйреуі мүмкін. Нарық әрқашан өзіне белгісіз факторларға сезімтал келеді.

Ресейге жасалған соққы қазақстандық банктерге әсер ете қоймас. Менің білуімше, біздегі Сбербанк пен ВТБ – Ресей банктерінің тікелей еншілестері емес, меніңше, олар франшиза. Өйткені Қазақстандағы Сбербанктің клиенті бола тұра, сіз Ресеймен тікелей байланысқа шыға алмайсыз.

Сондықтан салынған санкциялар қазақстандық Сбербанк пен ВТБ-ға әсер ете алмайды. Бірақ қайталап айтамын, мұның бәрі санкциялардың қаншалықты ауыр, әрі қаншалықты ауқымды болатынына байланысты.

Егер америкалық санкциялар Сбербанк пен ВТБ-ның аты аталатын белгілі бір сауда маркасына қатысты болатын болса, онда оларға жабылуға тура келеді.

Бірақ еліміздің қолданыстағы заңнамасы олардың елден оп-оңай шығып кетуіне жол бермейді. Ол банктер тиісті есептерін өткізіп, берешектерін беріп, тек содан кейін елден кете алады. Өйткені олар банкроттық жағдайда болмайды.

Дегенмен, мен бұл банктер біздің нарықтан кете қоймас деген сенімдемін. Бұл банктерді сыртқы нарықтан оқшаулау олардың назарын ішкі нарыққа аударады деген ойдамын. Шындап айтқанда, Еуразиялық одақта олардың қалт-құлт етіп болса да жұмыс істейтін нарығы болады.

Басқаша әрекет етуге оларда дәрмен жоқ, табысты бір жерден алу керек қой.

Ал егер олар Еуразиялық одақтың ішінде қысқаратын болса, онда бәрі құриды. Бұл Ресейдің бүкіл қаржы жүйесінің күйрегенін білдіреді.

Болашақтағы теңге бағамына келсек, таза техникалық тұрғыдан алғанда, жылдың соңына қарай бір доллар 380 теңге көлемінде болады, деп ойлаймын.

2019 жылдың бірінші жартысында біз күш біріктіріп, бағамды бір долларға шаққанда 360 және 390 теңге деңгейінде ұстайтын боламыз.

Ал 2019 жылдың екінші жартыжылдығында не болатынын болжауға әлі ерте, оны көре жатармыз. Бұл жерде көптеген факторларды ескерген жөн, мәселен, еуропалық және америкалық қор биржалары құлдырауы әбден мүмкін. Ал олардың қашан құлдырайтынын дәл болжау қиын.

Осы орайда айтарым, егер осы жылдың соңына дейін америкалық қор биржалары құлдырамаса, онда олардың құлауын 2019 жылдың екінші жартысында күткен жөн.

Міне, сол кезде біз бір долларға 400 теңгеден астам төлейтіндей болып, құлдилайтын боламыз.

Бірақ мұның барлығы келесі жылдың тамыз, қыркүйек, қазан айларының еншісінде болмақ.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Биыл қар әдеттегі нормадан 2 есеге көп түскен
  • Көшпелі форматтағы қоғамдық қабылдаулар көбейіп келеді
  • Қарағандылық уланған балалардан ішек инфекциясы табылмады – Министр Ажар Ғиният
  • Қарағандыда балалар уланған орталықтың басшысы мен 12 қызметкер жұмыстан шеттетілді
  • Қазақстанның бірнеше аймағында жанармай тапшылығы туындады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер