Әкім тұрғындардың өтінішіне құлақ түрді

image.png 

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдауын өткізді.

Қабылдауға келген 12 азаматтың өтініштері мен ұсыныстары жеке-жеке тыңдалып, әрбір мәселеге қатысты нақты түсіндірмелер мен жауаптар берілді. Азаматтар тарапынан заңсыз салынған нысандарды бұзу, жер телімін заңдастыру, тұрғын үй кезегі мен баспанаға қол жеткізу, тифлопедагог мамандарының жетіспеушілігі, жұмысқа орналасу, шығармашылық кеш ұйымдастыру, мемлекеттік мұқтаждыққа алынған мүліктерді реттеу, сондай-ақ мектептегі жұмыстан заңсыз босатылу сияқты әлеуметтік сипаттағы өзекті мәселелер көтерілді.

Әзімбек Пазылбекұлы әрбір өтінішке мұқият назар аударып, тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді. Көтерілген мәселелердің бірқатары сол жерде шешімін тапса, қалғандарына қатысты заң аясында жан-жақты зерделеу жүргізіліп, тиісті шаралар қабылданатыны атап өтілді.

Қала басшысы тұрғындардың өтініш-тілектеріне бейжай қарамай, оларды жүйелі түрде шешу – әкімдік қызметінің негізгі басымдықтарының бірі екенін жеткізді. 

Сондай-ақ, қала әкімдігі жанынан құрылған арнайы талдау топтары тұрғындар көтерген мәселелердің себеп-салдарын анықтап, олардың қайталанбауына бағытталған кешенді жоспарлар әзірлеп жатқанын мәлімдеді.

image.png



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әкім тұрғындардың өтінішіне құлақ түрді
  • Гүлнәр Каримованың Швейцариядағы $95 млн активі Өзбекстанға қайтарылды
  • Зеленский соғысты тоқтатуға қатысты мәлімдеме жасады
  • Трамп Қаржы және Сауда министрлерінің үгіттеулерінен кейін тарифтерді уақытша тоқтатты
  • Трамп: Байден – АҚШ тарихындағы ең нашар президент
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер