Трамп: Бұрын-соңды болмаған ауқымды бомбалау болуы мүмкін

image.png

АҚШ Президенті Дональд Трамп тағы бір елге соғыс ашуы мүмкін екенін айтты.  NBC News телеарнасына берген сұхбатында ол  егер Вашингтон мен Тегеран келісімге келе алмаса, бұрын-соңды болмаған ауқымды бомбалау болуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды rgmedia.kz тілшісі.

Сұхбат барысында  Трамп  қазіргі уақытта АҚШ пен Иран арасында келіссөздер жүріп жатқанын атап өтті. Дегенмен, нақты қандай келісім туралы сөз болып отырғанын ашып айтпаса да бұл келісім  қақтығыстың алдын алу үшін өте маңызды екенін мәлімдеді.

Айта кетейік,  Иран Президенті Масуд Пезешкиан Трампқа жолдаған жауабында, Тегеран АҚШ-пен ядролық бағдарлама бойынша тікелей келіссөздерден бас тартатынын мәлімдеген болатын. Дегенмен, үшінші елдердің делдалдығымен диалог жүргізуге әзір екенін жеткізген.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Гүлнәр Каримованың Швейцариядағы $95 млн активі Өзбекстанға қайтарылды
  • Зеленский соғысты тоқтатуға қатысты мәлімдеме жасады
  • Трамп Қаржы және Сауда министрлерінің үгіттеулерінен кейін тарифтерді уақытша тоқтатты
  • Трамп: Байден – АҚШ тарихындағы ең нашар президент
  • Қасым-Жомарт Тоқаев №2 Оқушылар сарайын аралап көрді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер