Қазақстандықтар үшін Шенген визасын алу жеңілдейді

image.png

 Еуропалық Одақ пен Қазақстан билігінің өкілдері визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастауға дайын екендіктерін растады. Бұл келіссөздер қазақстандықтарға Шенген визасын алу процесін жеңілдетуге бағытталған. Бұл туралы ЕО-ның Қазақстандағы елшісі Алешка Симкич мәлімдеді, деп хабарлайды rgmedia.kz тілшісі. 

Біз виза режимін жеңілдету туралы келісім бойынша көп жұмыс істеп жатырмыз. Бұл дегеніміз, қазақстандықтар әлі де Еуропаға виза алуы қажет болады, бірақ оны рәсімдеу процесі жеңілдетіледі. Бұл біраз уақыт алады, бірақ биыл осы келісім бойынша келіссөздерді бастауды жоспарлап отырмыз. Егер солай болса, болашақта виза алу оңайырақ болады, - деді Алешка Симкич.

Бұл бастама Қазақстан мен Еуропа арасындағы іскерлік, білім беру және мәдени байланыстарды нығайтуға ықпал етеді деп күтілуде. Қазақстандықтар үшін Шенген визасын алу рәсімінің жеңілдеуі олардың Еуропа елдеріне сапарларын жеңілдетіп, ынтымақтастықты арттырады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Қорғаныс министрін қабылдады
  • Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев 11 жылға сотталды
  • Министр ел бюджетінің донор өңірлерін атады
  • Қазақстан ресми түрде апорттың отаны болып мойындалды
  • Тоқаевты туған күнімен кімдер құттықтады?
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер