Зеленский атысты тоқтату туралы мәлімдеме жасады

image.png

Украина АҚШ-тың бір ай бойы атысты толықтай тоқтату туралы ұсынысын қабылдады. Мұны  Владимир Зеленский  ресми Telegram-арнасындағы видеоүндеуінде  растады деп жазады rgmedia.kz.

"Америкалықтармен бұл кездесуде біздің ұсынысымыз үш нәрсе болатын: әуедегі тыныштық – зымыран, бомба, алысқа атылатын дрондар және теңіздегі тыныштық... Бүгін келіссөздер барысында америкалық тараптан алғашқы қадам жасап, 30 күн бойы тек зымырын, дрон мен бомбалардың атысын тек Қара теңізде ғана емес, майданның бүкіл желісі бойынша толықтай тоқтатуға тырысу туралы ұсыныс болды. Украина бұл ұсынысты қабылдады. Біз мұны оң шешім деп санаймыз. Біз мұндай қадамға баруға дайынбыз. АҚШ Ресейді де мұны жасауға көндіруге тиіс. Яғни егер Ресей тарапы келіссе, біз де келісеміз. Сол кезде толықтай тыныштық орнайды", - деді  Зеленский.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Қорғаныс министрін қабылдады
  • Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев 11 жылға сотталды
  • Министр ел бюджетінің донор өңірлерін атады
  • Қазақстан ресми түрде апорттың отаны болып мойындалды
  • Тоқаевты туған күнімен кімдер құттықтады?
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер