Зеленский және Трамп екінші рет кездесетін болды

image.png

Соңғы кездесулері келіспеушілікпен аяқталған қос президент Зеленский мен Трамп қайта кездесетін болды.  АҚШ пен Украина делегацияларының кездесуі келесі аптада өтетінін  Зеленский X желісінде жазды деп хабарлайды  RGmedia.kz тілшісі.

"Украина мен АҚШ командалары жұмысын қайта жалғастырды және біз келесі аптада мазмұнды кездесу өтеді деп үміттенеміз, – дейді ол.

Сонымен қатар Зеленский Еуропаға қолдауы үшін алғысын білдірді.

Украиналықтар мұны әлемдік саясаттағы осындай эмоциялық шиеленісті кезеңде шынымен бағалайды. Еуропалық бірліктің сақталуы маңызды, және Еуропа шынымен дұрыс әрекет етуге тырысыып жатыр, – деді Украина президенті.

Кездесу Сауд Арабиясында өтеді.

АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф Вашингтондағы баспасөз конференциясында АҚШ пен Украина делегациялары арасындағы келіссөздер 11 наурыз, бейсенбі күні Сауд Арабиясында өтетінін мәлімдеді. Ол кездесуде “бейбіт келісімнің” шарттары мен атысты тоқтату мүмкіндігі талқыланатынын айтты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Трамп: Байден – АҚШ тарихындағы ең нашар президент
  • Қасым-Жомарт Тоқаев №2 Оқушылар сарайын аралап көрді
  • 2029-2030 жылдары Ұлттық қорды 100 млрд долларға толтыру керек – Жұманғарин
  • Украинаның Еуропалық Одаққа қосылуына кімдер қарсы?
  • Шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысатын қазақстандықтарға қандай жаза қолданылады?
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер