Сирияда жекелеген топтардың құрамындағы қазақстандықтар елге оралғысы келмейді

image.png

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев Сирияда 30-дан астам қазақстандық барын және олардың елге қайту ниеті жоқ екенін айтты. Бұл туралы rgmedia.kz РИА Новости сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

"30-дан астам қазақстандық Сириядағы жекелеген топтардың құрамында жүр. Олардың басым бөлігінің отанына қайтып оралуға ниеті жоқ. Кейбірі Сирия азаматтығын алып, сол жерде тұрақты қалуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар 10-нан астам отандасымыз Сириядағы күрд жасақтары бақылауындағы Әл-Холь және Родж лагерьлерінде жатыр. Олар да өз еліне қайтпайды. Сирияда соғысқан содырлардың елге оралуына байланысты алаңдауға негіз жоқ... Бұл мәселе Сириядан біздің азаматтарды қадағалау, қайтару және экстрадициялауда практикалық тәжірибесі мол Қазақстан арнайы қызметінің ерекше бақылауында, Сондықтан Қазақстанға оралғандардың деструктивті әрекеттері болуынан еш қауіп жоқ", – деді елші. 

Оның айтуынша, содырлардың Сириядан елге оралуы оқшау жағдай және биліктің бақылауында.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Гүлнәр Каримованың Швейцариядағы $95 млн активі Өзбекстанға қайтарылды
  • Зеленский соғысты тоқтатуға қатысты мәлімдеме жасады
  • Трамп Қаржы және Сауда министрлерінің үгіттеулерінен кейін тарифтерді уақытша тоқтатты
  • Трамп: Байден – АҚШ тарихындағы ең нашар президент
  • Қасым-Жомарт Тоқаев №2 Оқушылар сарайын аралап көрді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер