Дархан Сатыбалды және Нұрлан Бекназаров - шымкенттік болашақ Сенаторлар

nDgxGkT_XRE.jpg

Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс 36-шы сессиясы өтті. Сессияға қала әкімі Ғ.Әбдірахымов, Шымкент қаласының сайлау комиссиясының төрағасы, мүшелері, зиялы қауым және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. 

Сессияның күн тәртібінде екі мәселе қаралды:

1. Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты депутаттығына 2014 жылғы 1 қазанда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне кандидат ұсыну туралы.

2. Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты депутаттығына 2017 жылғы 28 маусымда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне кандидат ұсыну туралы.

Сессияның күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Шымкент қаласы мәслихатының 29 депутаты бірауыздан Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты депутаттығына 2014 жылғы 1 қазанда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне бұған дейін Шымкент қаласының әкімі, ОҚО әкімінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарған Дархан Амангелдіұлы Сатыбалдыны кандидат ретінде ұсыну туралы шешім қабылдады.

Сессияның күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Шымкент қаласы мәслихатының 29 депутаты Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты депутаттығына 2017 жылғы 28 маусымда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне Шымкент қаласының мәслихатын 20 жылдай басқарған мәслихат хатшысы Нұрлан Құдиярұлы Бекназаровты кандидат ретінде ұсыну туралы бірауыздан  шешім қабылдады.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына сайлау Шымкент қаласында 2018 жылы 5 қазанда өтеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әкім тұрғындардың өтінішіне құлақ түрді
  • Гүлнәр Каримованың Швейцариядағы $95 млн активі Өзбекстанға қайтарылды
  • Зеленский соғысты тоқтатуға қатысты мәлімдеме жасады
  • Трамп Қаржы және Сауда министрлерінің үгіттеулерінен кейін тарифтерді уақытша тоқтатты
  • Трамп: Байден – АҚШ тарихындағы ең нашар президент
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер