Жемқорлық бойынша Қазақстан халықаралық рейтингте қай орында?

image.png

Transparency International "Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі" халықаралық рейтингісі жарияланды.  Рейтингте 2024 жылы Қазақстанның нәтижелері жақсарған деп хабарлайды  Rgmedia.kz.

«Еліміз 40 ұпай жинап, 180 ел арасында 5 орынға көтерілді (88-орын). Бұл — сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді шаралардың арқасында қол жеткізілген жаңа тарихи көрсеткіш», — деп жазылған Антикор хабарламасында.

Әлем бойынша орташа балл — 43, ал Шығыс Еуропа және Орталық Азия аймағында (19 ел) 35 болды.

Қазақстан рейтингі 2016 жылдан бастап айтарлықтай өскен ел ретінде атап өтілді: 11 баллға (29 баллдан) өскен.

«Орталық Азия өңірі елдерінің ішінде Қазақстан ең жоғары позицияны иеленеді және рейтингті жақсартқан жалғыз ел. Индексте Қазақстаннан кейін Үндістан (38), Индонезия (37), Аргентина (37), Сербия (35), Украина (35), Бразилия (34), Таиланд (34), Түркия (34), Беларусь (33), Ресей (22) және т.б. елдер орналасқан», — деп жазылған хабарламада.

Жемқорлықты қабылдау индексі — Қазақстанның рейтингін шығару үшін 9 түрлі ұйымның деректері пайдаланылған композиттік индекс. Рейтинг мемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлықты қабылдаудың сараптамалық және бизнес бағалауларына негізделген.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Гүлнәр Каримованың Швейцариядағы $95 млн активі Өзбекстанға қайтарылды
  • Зеленский соғысты тоқтатуға қатысты мәлімдеме жасады
  • Трамп Қаржы және Сауда министрлерінің үгіттеулерінен кейін тарифтерді уақытша тоқтатты
  • Трамп: Байден – АҚШ тарихындағы ең нашар президент
  • Қасым-Жомарт Тоқаев №2 Оқушылар сарайын аралап көрді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер