Дональд Трамп Путинмен телефон арқылы сөйлесті

image.png

АҚШ президенті Дональд Трамп New York Post таблоидына Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы Украинадағы соғыс туралы сөйлескенін айтты, деп хабарлайды BBC.

Бұл қашан болғаны белгісіз. Оның үстіне, екі президент қанша рет телефонмен сөйлесті деген сұраққа Трамп: «Мұны айтпағаным жөн» деп жауап берді.

Трамптың айтуынша, Владимир Путин «адамдардың (соғыс даласында) өлуін тоқтатқанын» қалайды. Сондай-ақ АҚШ президенті соғысты қалай аяқтау туралы нақты жоспары бар екенін жеткізді.

АҚШ вице-президенті Дж.Д.Вэнс келесі аптада Мюнхенде өтетін қауіпсіздік конференциясында Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездеседі. 

Сондай-ақ АҚШ президенті Зеленскиймен қауіпсіздік кепілдігінің орнына сирек металдар мен украин газына қол жеткізу үшін 500 миллион долларлық келісім жасағысы келетінін айтты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ормуздың жабылуынан Азия елдері отын үнемдеуге көшті
  • Таяу Шығыстағы қазақстандықтарға арналған байланыс пакеттері іске қосылды
  • Қазақстан әлемдік ЖІӨ өсіміне үлес қосатын ТОП-25 елдің қатарына енді
  • Президент креативті индустрияларды қолдауға қатысты заңға қол қойды
  • Тимур Сүлейменов: БЖЗҚ-дан қаражат алу шегінің тәсілдерін қатаңдату қажет
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер