Шардарада желкенді қайық спорты қарқынды дамып келеді – Түркістан облысы

d292d25e72b203d5d10d98f2fe7e15a1_crop_l_6_t_0_w_789_h_444_resize_w_520_h_.jpg

Түркістан облысының Шардара ауданында желкенді қайық спорты дамып келеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Хабар24.kz сайтына сілтеме жасап.

Шардаралық өрендер спорттың бұл түріне ерекше ықыласты. Бүгінде Шардара су қоймасындағы үйірмеде 60 бала жаттығып жүр. Көк теңізге жаны құштар жастар желкенді қайықты ұршықша иіреді. Білікті бапкерлер де балаларға білгенін үйретіп, бағыт-бағдар беріп отырады.

Мамандардың айтуынша, желкенді қайық спорты Шардара су қоймасында 1970 жылдары кең қанат жайып, жақсы дамыған екен. Бірақ кейін жабылып қалған. Енді қайта қолға алынып отыр.

«Кеше ғана Қапшағай су қоймасына балаларымыз жарысқа кетті. Жүлделі орынмен оралады деген ойдамыз. Өткенде балаларымыз жарысқа қатысып жеңімпаз атанды. Бұдан кейін Шардарада желкенді қайық спорты одан да жақсы дамиды деп үміттенеміз»,-дейді Шардара балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Абай Сатиев.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Қорғаныс министрін қабылдады
  • Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев 11 жылға сотталды
  • Министр ел бюджетінің донор өңірлерін атады
  • Қазақстан ресми түрде апорттың отаны болып мойындалды
  • Тоқаевты туған күнімен кімдер құттықтады?
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер