Премьер-министр әкімдердің шаңын қағып алды

photo_211238.jpg

Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев елбасы бастамасындағы «студенттерді тегіс баспанамен қамтыңдар» деген тапсырмаға жүрдім-бардым қараған аймақ басшыларына ескерту жасады деп хабарлайды КТК арнасы.

"Қажетті қаржының бәрі берілген. Жұмыстың бәрі атқарылды деп отырсыздар. Жатақхана мәселесіне келетін болсақ, бұл елбасының 5 әлеуметтік бастамасының ішінде бар. Жалпы, 8 ғана өңірде жатақхана салынған. Басқа өңірлер тым-тырыс", - деді Үкімет басшысы. 

Ақмола, Алматы, Атырау, Қарағанды, Батыс, Шығыс Қазақстан облыстары мен Астана, Алматы қалалары ғана студенттерге арнап үй салуға кіріскен.

Өзге өңірлер бар ақшаны жұмсай алмай отыр. Мәселен, Шымкент қаласында 99 мыңнан астам студент білім алады екен. Оның 30 мыңнан астамына жатақхана жетпейді.

Ал екі айдан кейін жаңа оқу жылы басталатынын ескерсек, білім аламын деп ауылдардан ірі қалаларға келген жастар тағы тентіреп қалғалы тұр.

Себебі, аймақ басшылары студенттер үйіне деп енді жер бөліп, оның сметасын бекітіп жатыр.

Ал президент жыл басында Үкіметке студенттерді тегіс жатақханамен қамтуға пәрмен берген еді.

Еліміз бойынша 75 мың орындық жатақхана салынуы тиіс. Оған бюджеттен 180 миллиард теңге қаралған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Биыл қар әдеттегі нормадан 2 есеге көп түскен
  • Көшпелі форматтағы қоғамдық қабылдаулар көбейіп келеді
  • Қарағандылық уланған балалардан ішек инфекциясы табылмады – Министр Ажар Ғиният
  • Қарағандыда балалар уланған орталықтың басшысы мен 12 қызметкер жұмыстан шеттетілді
  • Қазақстанның бірнеше аймағында жанармай тапшылығы туындады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер