Мереке қарсаңында полицейлер "Соғыссыз әлем", "Әлемді қорғайық" атты тақырыптарда сурет байқауын

Screenshot_11.jpg

Түркістан облысының полицейлері 7 мамыр - "Отан қорғаушылар күні және "Жеңіс күні" мерекесін іс-шараларды ерекше атап өтуде. Бұл жолы Бәйдібек АПБ қызметкерлері аудандық мәдениет үйінде жеке құрам мен ардагер полицейлер қатысқан іс-шара өткізді. Салтанатты жиында аудандық полиция Ардагерлері ұйымының төрағасы  Рахматулла Кенжеғұлов, сондай-ақ қызметінде жақсы нәтижелер көрсеткен қырағы сақшылар марапатталып, кішігірім концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. 

Бәйдібектік полицейлер әрі қарай орталық саябақтағы Даңқ мемориалды кешенінің алдын абаттандыруға  ат салысып, ерлікке құрмет ретінде тазалық жұмыстарын жүргізді.

Мерекені тойлау қарсаңында балаларда ұмыт қалмады. Осы орайда полицейлер патриотизмді, отан сүйгіштікті жастарға дәріптеу мақсатында мектеп оқушыларына арнап, сурет байқауын өткізді. "Соғыссыз әлем", және "Әлемді қорғайық" атты тақырыптарда талантымен таңқалдырып, өнерімен көзге түскен балалардың қиялмен ұштастырып бейнелеген керемет суреттеріне полицейлер қошемет көрсетіп, марапаттарын табыстады. Оқушыларға тәлім-тәрбие беретін мұндай тағылымы мол байқау үшін мектеп ұжымы полицейлерге ризашылықтарын жеткізді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Гүлнәр Каримованың Швейцариядағы $95 млн активі Өзбекстанға қайтарылды
  • Зеленский соғысты тоқтатуға қатысты мәлімдеме жасады
  • Трамп Қаржы және Сауда министрлерінің үгіттеулерінен кейін тарифтерді уақытша тоқтатты
  • Трамп: Байден – АҚШ тарихындағы ең нашар президент
  • Қасым-Жомарт Тоқаев №2 Оқушылар сарайын аралап көрді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер