Полицейлер мереке қарсаңында ардагерлердің үйіне барып, құттықтады

Screenshot_9.jpg

Түркістан облысы Полиция департаменті Кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Нұрғали Болсынов, Түркістан қалалық ардагерлер ұйымының төраға орынбасары Бақытжан Бейсенбаев, Түркістан қаласы Ішкі істер органдары, ардагер Батырхан Сансызбаев және Түркістан қаласы полиция басқармасының қызметкерлерімен бірге мереке кезінде Тыл еңбеккерлері мен Ішкі істер органдарында қызмет етіп, зейнетке шыққан ардагерлерді құттықтап қайтты. Яғни ардагерлер Шаймерден  Айтпенбетов пен Сайдулла Масадыков ағаларымыздың үйіне барды.  Оларға Ішкі істер органдарының құттықтау хаты мен бағалы сыйлықтарын табыстап, мерекелік лебіздерін білдірді.

«Сіздердің осынау еңбектеріңіздің арқасында біз бейбіт күнде өмір сүріп жатырмыз.  Заман дамып, жеңістің туы желбірегеніне де биыл 77 жыл толып отыр. Сіздердің ерен еңбектеріңіз бен көрсеткен ерліктеріңіз үшін рақмет!» - деп тәртіп сақшылары өздерінің алғыстарын білдірді.

Өз кезегінде тыл еңбеккерлері мен ішкі істер органдарының зейнеткерлері  полицейлерге ризашылықтарын білдіріп, жұмысттарына табыс тіледі. Халықтың арасындағы алтын көпір болып жүрулеріне тілекші екендіктерін айтты. 

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Гүлнәр Каримованың Швейцариядағы $95 млн активі Өзбекстанға қайтарылды
  • Зеленский соғысты тоқтатуға қатысты мәлімдеме жасады
  • Трамп Қаржы және Сауда министрлерінің үгіттеулерінен кейін тарифтерді уақытша тоқтатты
  • Трамп: Байден – АҚШ тарихындағы ең нашар президент
  • Қасым-Жомарт Тоқаев №2 Оқушылар сарайын аралап көрді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер