Дәстүрлі құндылықтар керуені бірлікке шақырады

Screenshot_18.jpg

Төңірегіне тек зиянын тигізетін деструктивті діни ағымдармен күрес мақатында Түркістан облысы әкімінің арнайы тапсырмасына сәйкес, халыққа мәдени, рухани, діни тұрғыда түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында облыс аумағы бойынша ұйымдастырылып жатқан «Дәстүрлі құндылықтар керуені» тақырыбындағы көшпелі жиын Келес ауданында өтті деп хабарлайды Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі. 

Көшпелі керуеннің мақсаты – Түркістан облысы тұрғындарының мәдени және рухани сезімдерін қалыптастыру, деструктивті діни ағым жақтастарын қазақстандық қоғам құндылықтарына бейімдеу, сонымен қатар, мемлекет пен дін ара қатынасындағы зайырлылық ұстанымы бойынша халықты ақпараттандыру болып табылады. 

Жиынға Түркістан облысы дін істері басқармасы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мекемесі директорының орынбасары МБеспаев, облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, Халық шығармашылығы орталығының бөлім басшысы Ш.Мамытханова келді. 

Жиынды Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев ашып, жүргізіп отырды. Жиында көптеген маңызды ақпараттар берілді. Деструктивті діни ағымдардың негізгі миссиялары мен нені көздейтіндері егжей-тегжейлі айтылып, барынша түсіндірілді. Жиынға қатысушылар белсенділік танытып, көптеген өзекті сұрақтар қойды.

«Дәстүрлі құндылықтар керуенін» шараға қатысқан аудан тұрғындары да қолдап, өз ойларын ортаға салды. Бұл көшпелі жиынның маңызы өте зор болды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер