Болашақ мемлекеттік қызметкерлерді жемқорлықтан сақ болуға шақырды

Screenshot_28.jpg

Елміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев «Мәңгілік ел» ұлттық идеясында, Қазақстанның қазіргі бағыты мен ұстанған жолы және Мәңгілік Ел болудың басы, ежелгі ата-бабалар салған сара жолдан бастау алатынын айтқан. Мәңгілік Ел болу идеясын іске асырудағы бірден-бір шаралардың қатарына да сыбайлас жемқорлықпен күресті жатқызуға болады.

2014 жылғы 26 желтоқсанда Елбасы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын бекітті.

Стратегия мемлекеттің алдағы жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттарын көрсетеді және сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын, оны тудыратын себептер мен жағдайларды жоюға, оның деңгейін қысқартуға ықпал ететін кешенді шараларды қамтиды.

Осыған орай, жақында Түркістандағы А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік Университетінің жоғары курс студенттеріне мемлекеттік қызметтің қыр-сыры түсіндірілді.

Арнайы семинарда еліміздің мемлекеттік қызметкерлерге көрсеткен қамқорлығы кеңінен айтылды. Өз кезегінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облыстық департаменті қызметкерлері әдеп жөнінде әңгіме қозғады. Болашақ мемлекеттік қызметкерлерді жемқорлықтан сақ болуға шақырды. Үш күнге созылған семинарда белсенділік танытқан жастарға арнайы сертификаттар табыс етілді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Бәйдібек ауданында IT-сынып ашылды
  • ​Түркістан облысында асфальт-бетон өндіру зауыты іске қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер