Келесте келісімді тірлік көп

4be154f7b17a78976dc7a930b4c54e84-460x260.jpg 

Елбасы Жарлығымен қайта құрылған Келес ауданы қазірдің өзінде келісті істерді қолға алуда. Әкімшілік- аумақтық шекаралары да айқындалып, бұдан 21 жылғы дербес аудан ретіндегі тіршілігін қайта бастаған. 12 ауыл әкімішілігіне қарасты 83 елдімекенде 136 мыңға жуық тұрғын бар. Олардың негізгі тіршілігі ауыл шаруашылығы мен бау – бақша өнімдерін өндіру деп хабарлайды «Оңтүстік» телеарнасы.

Келесте  бау- бақша өнімдерін  егіп, оны  келістіре баптау- ертеден – ақ қалыптасқан үрдіс. Өйткені, бұл аймақ  диқаншылыққа өте қолайлы мекен. Сондықтан, негізгі жұрт осы кәсіппен айналысады.  Қазір де аудан диқандары  өнімдерін жинау үстінде. Әсіресе, қызылшадан биыл өнім мол.  Шаруалар Ақжар ауылындағы  ғимаратты жөндеп, қоймаға айналдырып отыр. Ендігі жерде оған  осы аймақтағы диқандар өздерінің артық өнімін сақтайды.  Алайда, бау – бақшалы Келес диқандары үшін  сыйымдылығы небәрі төрт мың тонналық бұл  қойма  аздық етуде. Егер де өнім сақтайтын қойма   мен тасымал  жайы шешілсе,  береке мен ырысты тасытып жіберуге қашан да дайынбыз дейді келестік шаруалар.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Бәйдібек ауданында IT-сынып ашылды
  • ​Түркістан облысында асфальт-бетон өндіру зауыты іске қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер