Ауылға тротуар салынып, түнгі жарық шамдар орнатылуда

Screenshot_17.jpg

Соңғы жылдары елімізде ауыл-аймақтар жылдан-жылға жоғары қарқынмен дамып келеді. Естеріңізде болса, 1990 жылдары халық ауылдан қалаға көшіп, ауылдар қаңырап қалған болатын. Ауыл – мемлекетті асырушы қайнар көз. Осыған орай, елімізде Ауыл жылдары жарияланып, республиканың түкпір-түкпіріндегі барша ауылдарға, елдімекендерге барынша қолдау көрсетіліп, өсіп-өркендеуге, дамуға жағдай жасалды.

Бүгінде елімізде халқы ең көп облыстардың бірі – Түркістандағы ауыл тұрғындары заман ағымынан қалмай, қолайлы жағдайда өмір сүруде. Ауылдарда инфрақұрылым жүйесі жоғары деңгейде жүргізіліп, байланыс құралдары күшейіп келеді. Баяғыдай топырақ, балшық кешіп, кешкісін тас қараңғыда жүру деген атымен жоқ.

Мысалы, Төлеби ауданы, Зертас елді мекенінде жол аяқ (тротуар) және түнгі жарық шамдарын орнату жұмыстары жүруде. Аталған елдімекендегі Елеман - Сауран көшесі бойындағы көпірге орта жөндеу жұмыстары және аталған жол бойына жол аяқ, түнгі жарық шамдарын орнату жұмыстары жүруде. Еламан-Сауран көшесі «Ленгір-Зертас» облыстық маңызы бар жол бойында орналасқан. «Строй Билдинг ММ» және «Истикама» мердігер мекемелері жүргізіп жатқан бұл жұмысты Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен аудан әкімдігі қадағалап отыр. Бұл жұмыс тиісті мерзімде аяқталып, игілігін ауыл тұрғындары көретін күн алыс емес. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Бәйдібек ауданында IT-сынып ашылды
  • ​Түркістан облысында асфальт-бетон өндіру зауыты іске қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер