Келесте сапалы медициналық тіректер көбеюде

Screenshot_3.jpg

Биыл Түркістан облысы, Келес ауданында 11 медициналық пункт ашылып, ел игілігіне берілді. Медициналық тіректердің төртеуі Қошқар ата ауылдық округіндегі елді мекендерде бой көтерсе, Біртілек пен Ақтөбе ауылдық округтерінде де төрт нысан салынған. Қалғандары Бірлік, Бозой және Жүзімдік ауылдарына тиесілі. Бұл медициналық бекеттердің барлығы облыс әкімінің қолдауымен арнайы инвесторлардың қаржысына салынған. Мәселен, 1300-ден аса халық тұратын Бесауыл елді мекенінде пайдалануға берілген медициналық пункт қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Бұнда жүкті әйелдерді есепке алу, балаларға медициналық көмек көрсету және заманауи егу бөлмелері бар. Ал Жамбыл елді мекенінде ашылған медициналық тіректі түрік компаниясы неміс технологиясымен салып берген. Жобалық құны – 30 млн теңге. 

Медициналық тіректің аға дәрігері Сәуле Құтышеваның айтуынша, елді мекенде 950 тұрғын бар. Сол халыққа медициналық көмектің жақсы әрі сапалы болуы үшін осы жерде фельдшер және акушерлер жұмыс істейді. Бұрын мұнда фельдшер ғана отыратын. Сол үшін акушер бөлмесі ашылып, туу жасындағы әйелдер үшін барлық жағдайлар жасалып отыр екен.

®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Келесте сапалы медициналық тіректер көбеюде