Арыста 3 тұрғын үй пайдалануға беріледі

Screenshot_1.jpg

Тек облыс орталықтарында аудан-қалаларда тұрғын үйге деген сұраныс артып келеді. Себебі, жылдан-жылға халық саны артып, демографиялық ахуал жақсаруда. Осыған орай, бала туу жөнінен жоғары көрсеткішке ие Түркістан облысында тұрғын үйлер көптеп салынып жатыр. Жақында Арыс қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша көпқабатты үш үй салынып, ел игіліне пайдалануға берілмек.  

100-ден астам пәтер әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, көпбалалы аналарға және кезекте тұрған мемлекеттік қызметкерлерге беріледі. Әлеуметтік баспананы салуға мемлекет қазынасынан 800 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінген. Тап осы маңда тағы 3 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Олар келесі жылы пайдалануға берілмек. Мұнан кейін жергілікті әкімдік мұғалімдер мен дәрігерлерге арналған бірнеше 5 қабатты үй салуды көздеп отыр. Мақсат – ауылға қажет мамандарды баспанамен қамту. Бұл жөнінде Арыс ауданының әкімі Мұрат Қадырбек:

- Тұрғын үй кезегінде тұрған 1388 адам бар. Солардың 106-сы осы үйлерден пәтер алады. Тағы 5 қабатты 5 үй салынады. Сонымен, қалғаны 1-2 жыл ішінде тұрғын үймен қамтамасыз етіледі, - деп алдағы жоспарларымен бөлісті. 

Енді жақында Арыста шаңырақтарда шат күлкілер естіліп, қоныс той көп болмақ.  


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер