Жетісайлық кәсіпкер қияр егіп, отбасын асырап отыр

Screenshot_7.jpg

Әрбір азамат – өз кәсібін ашып, жұмысын дөңгелетсе, ол экономикалық белсенді азамат болып, елдің дамуына зор септігін тигізеді. 

Мұндай белсенді азаматтар, яғни шағын және орта бизнестегі кәсіпкерлер Түркістан облысында көптеп шығуда. Әсіресе, ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлер үлесі артып, өндірген өнім көлемдері де сұранысты қанағаттандыруда. 

Биыл Жетісай ауданы Жаңаауыл ауыл округінің шаруалары 28500 тонна бақша дақылдары мен 6120 тонна көкөніс, 1450 тонна жоңышқа өндірді. Сондай-ақ, соңғы 8 айда округтегі жылыжай көлемі 1 гектарға жетіп отыр. Жылыжайдан жыл он екі ай өнім алып отырғандардың бірі – «Дилшот» шаруа қожалығы. Бұл жөнінде аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

5 жылдан бері 15 соттық жылыжайға қияр мен қызанақ егуді кәсіпке айналдырған қожалық ерте көктемде жетісайлық диқандар үшін қосымша 100 мың түпке дейін баклажан, балғар, қауын-қарбыз көшеттерін әзірлейді екен. 

– Жылыжай баптау біздің әулеттің хоббиі. Екі балам мен бірге қолымыз жұмыстан қалт еткенде жылыжайдан табыламыз. Биыл 15 соттық жылыжайға үш реттен дақыл егіп, пайдасын көріп отырмыз. Мәселен, осыдан екі ай бұрын 3 соттық жылыжайға қияр ектік. Қазір тәулігіне 150 келіден өнімін бере бастады. 1 келісін 200 теңгеден сатып жатырмыз. Жалпы айтқанда жылыжай – жыл он екі ай табыс көзі, – дейді қожалық төрағасы Тұрдымұрат Мұратов. 

Биыл олар 14 гектар жерге мақта егіп, бүгіннің өзінде 24 тонна ақ алтын жинап үлгерген. Қол терім жұмыстарының нәтижесінде бір гектардан шамамен 30-35 центнерден өнім алуда.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Бәйдібек ауданында IT-сынып ашылды
  • ​Түркістан облысында асфальт-бетон өндіру зауыты іске қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер