Жалақы мәселесі оң шешілгенде сыбайлас жемқорлық жойылады

Screenshot_14.jpg

Бүгінгі капитализм заманында негізгі құндылықтар қатарында – ақша орын алатыны айтпаса да түсінікті. Себебі, ақша арқылы адам өзінің тұрмыстық қажеттіліктерін өтей алады. Сондықтан да, елімізде бюджеттік, мемлекеттік қызметшілердің жалақы мәселесін оң тұрғыдан шешкен абзал. Осының нәтижесінде, сыбайлас жемқорлық мәселесі де оң шешімін табады. Бұлай деуімізге себеп, адамдар көбіне сыбайлас жемқорлыққа жалақының жетіспеушілігнен барып жатады. 

Осы жөнінде бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Ғ.Тұрсынбаев брифинг өткізді. 

Брифинг барысында Ғалым Сұлтанұлы мемлекеттік қызметшілерге факторлы-балдық шкалаға негізделген еңбек ақы төлеудің жаңа жүйесі Агенттік және оның аумақтық бөлімшелерінде, Әділет Министрлігінде, Маңғыстау облысы мен Астана қаласы әкімдіктерінде пилоттық тәртіпте енгізілгенін атап өтті. Жаңа жүйенің енгізілуі аумақтар мен орталық мемлекеттік органдардағы қызметшілердің еңбекақыларындағы сәйкессіздікті азайтты. 

Нәтижесінде Агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаменті қызметшілерінің жалақысы 2,5 есеге дейін ұлғайып, бас маман лауазымдарының жалақысы 90 мың теңгеден 210 мың теңгеге дейін артты. Бұған қосымша жыл соңында қызметшілерге жұмыс тиімділігіне сәйкес 4 немесе одан жоғары жалақы көлемінде бонустар беріледі. Департамент қызметшілеріне бұдан өзге бос лауазымдардан үнемделген қаржы есебінен 30 % және экологиялық аймақ ретінде 20 %, жалпы алғанда жалақыларына 50 % көлемінде үстемақы төленіп келеді. Бұл мемлекеттік қызметшілердің жаппай жұмыстан кету жағдайын едәуір азайтып, бос орынға білікті мамандардың қатысу белсенділігін арттырды. 

Жиын соңында Департамент басшысы факторлы-балдық шкала негізінде еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі келесі жылдан бастап мемлекеттік органдарда кезең-кезеңімен енгізілетін айтып қорытындылады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер