XXI ғасырдың үздік зияткер имамы

sQI4JsBfEXM.jpg

Төлеби ауданында ерекше семинар болып өтті. 14 тамыз күні "Нұр" мешітінде өткен семинардың тақырыбы "ХХІ-ғасырдың үздік зияткер имамы" деп аталды. Жиналған азаматтар мен мен көтерілген мәселелердің ауқымы кең болды. Семинарға ҚМДБ-ның төрағасының бірінші орынбасары, найб мүфтиі, Түркістан қаласы бойынша кеңсе басшысы Наурызбай Тағанұлы Өтпенов қажы, аудан әкімі Омарбеков Бауыржан , аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев, аудандық мәслихат хатшсысы Қойбағаров Нұрлан және қала, ауылдық округтегі мешіт имамдары, БАҚ өкілдері қатысты. 

Семинардың мақсаты ҚМДБ-ның қабылдаған төрт құжаты негізінде имамдардың біліктілігін арттыру, еліміздегі діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттің зайырлы қағидаларын нығайту, деструктивті діни ұйымдардың алдын алу мақсатында облыстық жергілікті ақпараттық-насихат топтары (ЖАНТ) мүшелерінің біліктілігін көтеру болды. Соңғы кездері бұл топтың жұмысының тиімділігі әлдеқайда артты. Діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе интернет пен әлеуметтік желіде сақтану шараларын жетілдіру туралы түрлі ой айтылды. Семинар қоғамда кереағар ағымдарға қарсы тұратын бірыңғай иммунитет қалыптастыру мақсатында өткізілді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер