Оң нәтиже бар

26xXzqCRGa53WZbI-lg.jpg

Облыстық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі тарапынан 2018 жыл басынан дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында қала, аудан әкімдіктерімен, құзырлы органдармен бірлесіп, бірқатар жұмыстар атқарылды. Нәтиже бар, қорытындысының тиімділігі көрініп тұр. 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа биылғы Жолдауында ел экономикасын көтерудің басты бағыттарын айқындап берді. Экономика – елде тұрақтылық болған кезде ғана дамиды. Ал біздің ислам дініміз – Қазақстан қоғамының тұрақтылығын қамтамасыз ететін факторлардың негізгілерінің бірі. Сол дініміздің тазалығы үшін атқарылып жатқан жұмыс көп. Өткен жарты жылдың ішінде облыста дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының аясында облыстық ақпараттық түсіндірме тобының жұмысшы тобы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі тарапынан елді мекендерде – 106, жоғары оқу орындарында мектептерде 217 кездесулер өткізілген болса, басқа да мекемелерде 131 кездесу ұйымдастырылған. Облыс аумағындағы діни бірлестіктер мен филиалдарында  26 кездесулер өткізілді. Аталған кездесулерге 41938 азаматтар қамтылды. 


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Оң нәтиже бар