Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіш бойынша Отырар ауданы облыс бойынша алғашқы орынға шықты

Screenshot_1.jpg

2018 жылғы қаңтар-қараша  айларының негізгі әлеуметтік-экономикалық индикаторлары бойынша Отырар ауданы облыс көлемінде алғашқы орында. 
Сондай-ақ, аудандық статистика басқармасы статистикалық қызметті жүзеге асыруда ІІІ тоқсан қорытындысымен жоғары көрсеткіштерге жеткені үшін «Ең үздік басқарма» атанып отыр. Осы және өзге де жағымды жаңалықтармен бөлісу үшін аудандық статистика басқармасының басшысы Қасымхан Мейірмановты әңгімеге тартқан едік.
Тілші: Құрметті Қасымхан Әбдіәшімұлы, биылғы жылды ауданымыз үшін табысты жыл болды десек те болады. Себебі, бірқатар көрсеткіштерге қарап отырып ауданымыздағы қарқынды жұмыстардың жүріп жатқанын аңғару қиын емес. Әрине, бұл көңіл толып, көз қуантатын жағдай емес пе? 
Қ.М: Ия, рас Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ өркениетінің алтын діңгегі» деп баға берген қасиетті Отырар ауданы жылдан-жылға дамып, ондағы халықтың да әлеуметтік жағдайы жақсарып келеді. Мұның бәрі шындап келгенде Тәуелсіз мемлекетіміздің 27 жыл ішінде жеткен жетістігі мен Президентіміздің сындарлы саясатының жемісі десек қателеспеген болар едім. Кезінде мал мен егін шаруашылығын ғана табыс көзі еткен отырарлықтар бүгінде жаңа тың идеялар мен жобаларды жүзеге асыру арқылы қарқынды жұмыстар жүргізуде. 
Жалпы 2018 жылдың қаңтар-қараша айларымен аудандағы өнеркәсіп өнімінің көлемі 15 154,6 млн теңге болып, ол тиісті кезеңмен салыстырғанда 104,8%-ды құраған. Сондай-ақ аудандағы құрылыс жұмыстары да 100,3%-ға артып отыр. Аудандағы іске қосылған тұрғын үйлер 113,5%-ға артқан болса, аймақтағы ауыл шаруашылығы өнімі 110,8%-ға артығымен орындалған. Ал, бөлшек сауда көлемі бойынша 107,7% болса, негізгі капиталға инвестиция көлемі 11 847,0 млн.теңгені құрап, 104,8 %-ға артты. 
Тілші: Ауданымызда шаруалар жердің тұздылығы жоғары болуынан өнімді өз деңгейінде ала алмай келген еді. Осы шаралардың алдын алу мақсатында аудан әкімдігінің бастамасымен Ө.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты ғалымдарымен бірлесе отырып, топырақтың құнарлылығын зерттеп, оның алдын-алу нәтижесінде шаруалардың оң нәтижеге қол жеткізгені белгілі. Бұл өз кезегінде егістік көлемінің және алынатын өнімнің артуына да себеп болатыны ақиқат шығар.
Қ.М: Солай десек те болады. Өйткені мол өнім алмай тұрып егістік көлемін арттырудың еш пайдасы болмайды. Сайын даласында ұшқан құс пен жүгірген аңның тұяғы талатын Отырар топырағы қашанда дихан қауымы үшін де берекелі тірліктің ордасы саналады. Өткен ғасырдың 80-90 жылдары ауданда жүгері өнімдерін өсіруде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, ауданымыздағы 20 мың гектар алқапқа түрен салынған болатын. Сол кезеңде жүгерінің «Дала аруы» сорты өсіріліп, аталған сорт Одақ көлеміндегі ауданымыздың брендіне айналды.
Тоқырау жылдары жүгері алқабының көлемі азайып, өнімділігі күрт кеміді. Соңғы жылдары Отырар ауданында егіс көлемінің артқандығы байқалып, бұл көрсеткіш жылдан жылға артуда. Мәселен ауанымыздағы биылғы жылғы егістік көлемі 30 674,2 га болып, 109,4%-ға артығымен орындалған. Оның ішінде дәндік жүгері көлемі 118,1%-ға орындалса, бақша өнімдері 112,5%-ға артқан.

Screenshot_3.jpg

Тілші: Қасымхан аға, ауданның әлеуметтік-экономикалық индикаторы артқан соң оның халқының да әлуметтік жағдайы артты деген сөз. Жалпы аудан бойынша қызметкерлердің орташа айлық жалақысы қандай?
Қ.М: Егемендігіміз бен ынтымақ-бірлігіміздің арқасында соңғы жылдары аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының да артқанын аңғаруға болады. Мәселен, кәсіпорындар мен мекемелерде жұмыс істейтін қызметкерлердің (кәсіпкерлікпен айналысатын шағын кәсіпорындардан басқа) тізімдік саны 2018 жылдың ІІІ тоқсанына бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 118 709 теңге болып, 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 120,4%  пайызды құрады. 
Тілші: Сөздің соңында оқырмандарға айтарыңыз болса.
Қ.М: Кемеңгер Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаев өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында қойнауы тарих пен шежіреге толы Отырар жайында үлкен де өзекті мәселелерді көтерді. Яғни, тарихи мұраларымызды келешек ұрпақтың санасына сіңіріп, кезінде әлем назарында болған ежелгі қала орындарын қайта жандандырып, туризм саласын дамытудың  маңыздылығы артады дегенді нұсқады. Киелі Отырар жерінде Ұлы ойшылдар дүниеге келген. Сондай-ақ, бұл жерде Қожа Ахмет Ясауидің ұстазы, бабтардың бабы Арыстанбаб жерленген. Даналар айтады: ұлы ел атану – халық санының көптігімен есептелмейді. Ұлылық – ол өмірге ұлы ұрпақтарын дүниеге келтірген халыққа тән. Сондықтан да Отырар өзінің даңқты перзенттерімен, шежірелі тарихымен мақтанады. Осынау құт дарып, қасиет қонған мекенде тұрған әрбір азамат өз елінің дамуына өзіндік үлесін қосып, туған жеріне адал қызмет қылса одан асқан бақыт болмас деп ойлаймын! 
Тілші: Әңгімеңізге рахмет, алдағы ілкімді істеріңізге табыс тілеймін.

Сұхбаттасқан: Ғалымжан Сәрсеков.

Отырар ауданы

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Фильм арқауы – шекарасыз махаббат
  • «Mecenat.kz» әдеби байқауының III маусымы ашық
  • Tashenev Unіversіty жастарға үміт сыйлайды
  • Шымкентте "Жоғалған жұрпақ" қойылымының премьерасы өтті
  • «Тәуелсіздік ұрпағы» және «Жас волонтер» жобалары аясында марапаттау кеші өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер