Шымкенттегі көне ғимараттар мен тарихи ескерткіштер

Қазақстанның үшінші мегаполисі саналатын Шымкент республикадағы табиғаты әсем, жері шұрайлы, климаты өте жылы, қонақжайлығымен ерекшеленетін қала. Ұлы Жібек жолы керуені жолдарының қиылысында орналасқан шаһардың мәдениеті дамыған, тарихы бай қала. 

Screenshot_9.jpg

Шаһар аумағындағы көне археологиялық тарихи ескерткіштер мен тарихи-мәдени нысандар мемлекет қорғауына алынған. Бүгінде кесенелердің аумағы абаттандырылып, қалпына келтіру жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылып келеді.. Қаладағы ең ежелгі орындардың бірқтарынның тарихына тоқталсақ. 

***МЕТАЛЛУРГТАР САРАЙЫ қаланың 1 Мамыр көшесіндегі №10 үй мекенжайындағы ғимарат. Өткен ғасырдың 1950 жылдары салынған қаладағы ең әдемі және монументалды ғимараттардың бірі болып саналған. Кезінде Қорғасын зауытының аумағында бой көтерген мәдениет үйіне қарап, 40-шы жылдардағы қаланың айқын бейнесін көруге болады. Металлургтер мәдениет сарайы кәсіпорын қызметкерлерінің мәдени демалысы үшін салынған және жанында саябақ құрылысы бірге жүрген. Әсіресе 80жылдарда мәдениет сарайында шығармашылық зиялы қауым өкілдері көптеп жиналып, мәдени іс-шаралар жиі ұйымдастарылған. 

**АНАРОВ КӨШЕСІ, 22 ҮЙ (ХХ ғ басы) қаладағы ең көне ғимараттың бірі. Бұл Темір жол бекеті аумағында бой көтерген тұрғын үй. Бір қабатты ғимараттың көлемі – 14х6 метр. Сырты ағашпен әрленген. 

***ОБА (патшалық) — І-ІҮ ғасырлардың ескерткіші. Қаланың солтүстік бөлігінде Д. Қонаев және Т.Рысқұлов көшелерінің қиылысында орналасқан оба қорғауға алынған. «Алаңқайлы төбе» тәрізді тарихи орын батыстан шығысқа қарай аздап созылған, көлемі – 70х45 метр, биіктігі – 1,5-2 метр. Алаңның ортасындағы төбенің көлемі – 15х13 метр, биіктігі – 5 метр. Айналасына және жоғары жағына қазіргі заманғы құрылыс жұмыстары түскен.

***ОБА ҚОРЫМЫ  – Біздің заманымызға дейінгі І мың жылдықтан айғақтайтын орын Бадам өзенінің сол жағасы, Шымкент қаласынан Ташкентке шығар жолда орналасқан. Топырақтан үйілген обалар жоспарда дөңгелекше-жайпақтау болып келген. Арасындағы үлкен обаның диаметрі – 18-22 метр. Қалған үш обаның көлемі әлдеқайда кішірек. Қазба жұмыстары жүргізілген.

**ЖЕКЕ ОБА – біздің заманымызға дейінгі І мың жылдықтағы тарихи мекен дейді археологтар. Бадам өзенінің сол жағасы, май комбинатына қарсы бетте орналасқан оба дөңгелекше болып, солтүстіктен оңтүстікке қарай созылған. Солтүстік жағы тік болып келген. Топырақтан үйілген обаның биіктігі – 12 метр. Археологтар бұл мекенді қарауылтөбе болуы мүмкін деген жорамал айтады.

***Никольский шіркеуі қала орталығындағы Кең-баба этносаябағының ішінде (ХХ ғ басы) орналасқан. Шымкенттегі ең көне ғимараттардың бірі 1914 жылы салынған, ғимарат қызыл және кірпіштен жасалған және қаладағы орыс сәулетінің ең жақсы үлгілерінің бірі болып табылады. 1920 жылы шіркеу жабылды. Әр уақытта мұнда облыстық кітапхана, ауылшаруашылық техникумы және пионерлер сарайы орналасқан. Жүз жылдан астам тарихта ғимарат бірнеше рет қайта құрудан өтті: 1952 жылы оған үшінші қабат қосылды, 1960 жылы ол өрттен кейін қалпына келтірілді, ал тәуелсіздік жылдарында билік оны бірнеше рет ішінен қалпына келтірді. 2011 жылдан бастап ғимарат қуыршақ театрына берілді. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Страницы истории шымкентского городского драматического театра
  • Русский драматический театр Шымкента: источник знаний и нравственных ценностей
  • Кошкар ата: целебные родники древнего мавзолея
  • Маршрут по «пушкинским местам» Шымкента
  • Городище Шымкент: частичка древней истории посреди мегаполиса
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер