
Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов Қазақстанда өнер көрсететін шетелдік әртістерге қойылып жатқан шектеулер туралы айтты.
Оның айтуынша, министрлік жергілікті атқарушы органдарға концерттерді ұйымдастыруға көмектесуді көздеп отыр. Әртістермен жасалған келісімшарттарда олардың міндеттері анық көрсетілген.
— Ең алдымен, бұл міндеттемелер олар орындайтын композицияға қатысты. Осы композициялар еліміздің тәртібін бұзбауы тиіс, порнография мен есірткіні насихаттамауы керек, яғни заңсыз контенттің толық тізімі ескерілген. Егер бәрі дұрыс болса, әртістер белгілі бір қалада өнер көрсетуге рұқсат алады. Біздің ойымызша, бұл толығымен дұрыс қадам, — деді Евгений Кочетов Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Егер әртістің репертуарында тыйым салынған шығармалар болса, ведомство оларды орындамауға кеңес береді.
