Бас прокуратура ресейлік хакер Кислицинді экстрадициялауға қатысты пікір білдірді

Ресейлік Никита Кислицинді экстрадициялау туралы сауал АҚШ пен Ресейден түскен. Бұл жағдайға қатысты бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай пікір білдірді.

Screenshot_21.jpg

Ресейлік киберқауіпсіздік бойынша F.A.C.C.T компаниясының қызметкері, "Хакер" журналының бұрынғы бас редакторы Алматыда АҚШ билігінің арызы бойынша шілденің соңында ұсталған. 

"Бүгінгі таңда бас прокуратураға аталған екі елден де күдіктіні беру туралы сауал түсті. Бұл бойынша экстрадициялық тексеріс жүргізіледі", – деді Дүйсембай. 

Ал 2023 жылдың 1 тамызында Алматыдағы тергеу соты Кислицинге қатысты экстрадициялық хамауға алу туралы прокурордың арызын қанағаттандырды. 

"Күдіктіні беру мәселесі сот қарауында болмады, себебі олар процессуалдық заңға сәйкес прокуратура органдарының құзырында. Ресей мен АҚШ-тың Кислицин Н.И.-ге қатысты сауалдары бойынша шешімді бас прокуратура экстрадициялық тексеріс аяқталған соң халықаралық келісімдер мен ұлттық заңнамаға сәйкес қабылдайды", – деп түсіндірді ведомство өкілі. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алады?
  • Елімізде азаматтық пилотсыз авиацияны дамытудың тұжырымдамасы бекітілді
  • Қазақстанда вольфрам мен галлий өндірісі іске қосылады
  • Қазақстанға ресми сапармен Болгария Президенті Румен Радев келе жатыр
  • Құрбан айт намазының кестесі жарияланды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер