Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша ТМД-да 1-орында

image.png

Speedtest Global Index 2025-тің маусым айына арналған рейтингісінде  әлем елдерінің интернет жылдамдығы сарапқа салынды. Бұл көрсеткіште Қазақстан 47 орынды иемденген. Бұл туралы RGmedia.kz хабарлайды.  Тізімде 103 мемлекеттің аты аталған. 

Дереккөзге сүйенсек Қазақстанда мобильді интернеттің орташа жылдамдығы 87,27 Мбит\с  құрайды. Speedtest Global Index дерегіне сәйкес, Қазақстан мобильді интернеттің орташа жылдамдығы бойынша ТМД елдері арасында бірінші орында болса, 72,52 Мбит/с жылдамдықпен Әзербайжан(+2)екінші, 55,78 Мбит\с жылдамдықпен Өзбекстан үшінші орында тұр. Мобильді интернеттің орташа жылдамдығы бойынша әлемдік рейтингте БАӘ 546,14 Мбит/с көрсеткішімен бірінші орында. Одан кейінгі орында 517,44 Мбит/с жылдамдықпен — Катар, үшінші орында 378,45 Мбит/с жылдамдықпен— Кувейт.

Алғашқы ондыққа Бахрейн (236,77 Мбит/с), Бразилия (228,89 Мбит/с), Болгария (224,46 Мбит/с), Оңтүстік Корея (218,06 Мбит/с), Қытай (201,67 Мбит/с), Сауд Арабиясы (198,39 Мбит/с) және Дания (196 Мбит/с) кіреді.

Рейтингтің соңында Эсватини (18,36 Мбит/с) — 101, Беларусь (17,97 Мбит/с) — 102, Боливия (13,192 Мбит/с) 103-орында.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Қазсушар» филиалдары 524 жаңа арнайы техникамен толықты
  • Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сотталған Бақытжан Байжанов рақымшылыққа ілінді
  • Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша ТМД-да 1-орында
  • 4 және 5 балалы отбасыларға жәрдемақы төленбейді деген ақпарат жалған – Министрлік
  • Ерлан Дакенов Мәдениет комитетінің төрағасы болып тағайындалды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер