Ерекше баланың анасын жұрттың көзінше кемсіткен қазақстандық коуч кешірім сұрады

image.png

Танымал коуч Бақытбай Сабырбек жұрттың көзінше кемсіткен ерекше баласы бар әйелден кешірім сұрады. 

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, көпшіліктің өзін дұрыс түсінбегенін жеткізді.

“Кеше ерекше баласы бар әйелмен әңгіме болған. Балжан ханым, ауыр сөздер айтқаным үшін сізден бүкіл халықтың алдында иіліп тұрып кешірім сұраймын. Негізі ерекше баланың анасы болу батырлық қой. Ол 30 минуттық әңгіменің тек 3 минуты ғана. Бізді көріп отырғандар адамдардың да көңіліне кірбің түсірсек, кешірім сұраймыз. Ниетіміз түзу болған еді”, – деді ол.

Сондай-ақ коуч анаға 2 адамға Ұмраға жолдама сыйлады.

“Әрбір адамның жүрегінде өзінің қалауы болады, кейде оны адам емдей алмайды. Біздің сізге сыйлығымыз, ағамыз немесе ұлыңыз екеуініңіз қасиетті мекенге барып, дұға тілеп қайтыңыздар”, – деді ол. 

Ал әйел Умраны дұғасында сұрағанын айтты. 

“Баламды соңғы рет емдегенде бір қажылыққа екі рет барып келген кісі “балаңды Қажылыққа апар, дұғалар қабыл болады деді. Кеше сіз бір кісіге Қажылыққа жолдама сыйлағанда қатты қызықтым. Егіліп жылап, дұға еттім”, – деді келіншек.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық коуч ерекше баланың анасын жұрттың көзінше кемсітіп, көптің ашуына тиген еді. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ерекше баланың анасын жұрттың көзінше кемсіткен қазақстандық коуч кешірім сұрады
  • Іздеуде жүрген блогер Қайсар Қамза мәлімдеме жасады
  • Шымкентте автобуста билетсіз жүргендерге салынатын айыппұл мөлшері өсті
  • Қазақстанда SIM-карта алу қиындайды
  • «Балқия» және «Апамның шайынан» қауіпті қоспалар табылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер