4 және 5 балалы отбасыларға жәрдемақы төленбейді деген ақпарат жалған – Министрлік

image.png

Бірқатар БАҚ, ақпараттық топтар мен БАҚ және әлеуметтік желі парақшаларында  6-дан аз баласы бар көпбалалы отбасылар мемлекеттік жәрдемақыдан айырылуы мүмкін деген ақпарат тарап жатыр. Алайда Еңбек министрілігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты. 

"ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қолданыстағы заңнамаға сәйкес 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары немесе бірге тұратын 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студенттері бар отбасына көпбалалы отбасы мәртебесі берілетінін хабарлайды. Мұндай отбасыларға табысына қарамастан ай сайынғы жәрдемақы төленеді, - деді министрліктен. Министрлік азаматтардан тек ресми ақпарат көздерінен алынған ақпаратқа сенуге шақырды және жалған ақпарат тарату заң бойынша жауапкершілікке тартылатынын еске салды.

Көпбалалы отбасыларға төленетін төлемдердің мөлшері балалардың санына байланысты сараланады және 2025 жылы:

- 4 балаға – 16,03 АЕК немесе 63 030 теңге;

- 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 78 798 теңге;

- 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 94 565 теңге;

- 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 110 332 теңге;

- 8 және одан да көп балаға – 4 АЕК немесе әр балаға 15 728 теңге төленеді.

Сонымен қатар 6 және одан да көп бала туып, тәрбиелеген, "Күміс алқа", "Алтын алқа" алқалары бар немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған аналарға мынадай мөлшерде ай сайынғы жәрдемақы төленеді:

- "Күміс алқа" алқасымен марапатталған – 6,40 АЕК немесе 25 165 теңге;

- "Алтын алқа" алқасымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталғандар – 7,40 АЕК немесе 29 097 теңге.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 4 және 5 балалы отбасыларға жәрдемақы төленбейді деген ақпарат жалған – Министрлік
  • Ерлан Дакенов Мәдениет комитетінің төрағасы болып тағайындалды
  • Өзбекстан халқының саны 38 миллионға жуықтады
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың хатына жауап жолдады
  • Қоғамдық орында құстарды тамақтандырған қазақстандықтар енді айыппұл төлейді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер