Енді елімізде құстарды тамақтандырған қазақстандықтар 100 мың теңгеден асатын айыппұл арқалауы мүмкін. Бұл туралы rgmedia.kz тілшісі 31-арнаның Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қоғамдық орындарда құстарға жем беру ережеге қайшы саналады. Бұл абаттандыру қағидаларын бұзу ретінде бағаланады. Аталған құқықбұзушылық үшін 69 мыңнан 103 мың теңгеге дейін айыппұл көзделген. Құстарды тамақтандыруға тыйым салынуының бірнеше себебі бар. Көгершіндер 90-нан астам түрлі ауру қоздырғыштарын тасымалдайды. Сондай-ақ олар арқылы бүргелер мен кенелер таралады, ал олар желдеткіш шахталар арқылы пәтерлерге енуі мүмкін.
Бұдан бөлек, қалған жем-қорек кеміргіштерді де тартады. Мамандардың айтуынша арнайы, қоқыс шашылмайтын қоректендіргіштер болса құстардың қыста тамақтандыруға болады.